Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы « »_______№ бұйрығына
1-қосымша
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметтіалушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен20 тамыз аралығында;
сырттай (кешкі)оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);
6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардыжеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынкуәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойыншакөрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО)басшысының атынаберіледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып,Министрліктіңкеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда,көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметнәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктіңwww.edu.gov.kz интернет-ресурсында:
1) 01000,Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8
телефон: +7 (7172)742-425
e-mail:pressa@edu.gov.kz.
2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарындаорналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметтіберушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығыарқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың
алынғаны туралы қолхат
Оқу орны __________________________________________
(оқу орнының атауы)
___________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________қолхат
_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.(бар болса)
1. Өтініш
2. _______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)
20__ ж. "__" _____________
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі
№
|
Өңірдің атауы
|
Телефон
|
Заңды мекен-жайы
|
Сайт
|
1.
|
Ақмола облысы
|
8(7162)401402
|
020000, Көкшетау қаласы,
Абай көшесі, 89А
|
www.akmo.kz
|
2.
|
Ақтөбе облысы
|
8(7132)560474
|
030010, Ақтөбе қаласы,
Әбілхайыр хан көшесі, 40
|
www.akto.kz
|
3.
|
Атырау облысы
|
8(7122)354965
|
060010, Атырау қаласы,
Әйтекеби көшесі, 77
|
www.atyrauobl.kz
|
4.
|
Алматы облысы
|
8(7282)272731
|
040000, Талдықорған қаласы,
Қабанбай батыр көшесі, 26
|
www. almaty-reg.kz
|
5.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
8(7232)570151
|
070019, Өскемен қаласы,
К.Либкнехт көшесі, 19
|
www. akimvko.gov.kz
|
6.
|
Жамбыл облысы
|
8(7262)431552
|
080008, Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125
|
www. zhambyl.kz
|
7.
|
Батыс Қазақстан облысы
|
8(7112)260468
|
090000, Орал қаласы,
Почиталин көшесі, 72
|
www.western.kz
|
8.
|
Қарағанды облысы
|
8(7212)425443
|
100012, Қарағанды қаласы,
Әлихан көшесі, 19
|
www.karaganda-region.kz
|
9.
|
Қызылорда облысы
|
8(7242)272934
|
120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48
|
www.kyzylorda.kz
|
10.
|
Қостанай облысы
|
8(7142)575310
|
110000, Костанай қаласы,
Әл-Фараби көшесі, 56
|
www.kostanay.kz
|
11.
|
Маңғыстау облысы
|
8(7292)435100
|
130000, Ақтау қаласы, 13шағын ауд./47-ғимарат
|
www.mangystau.kz
|
12.
|
Павлодар облысы
|
8(7182)320965
|
140009, Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32
|
www.pavlodar.kz
|
13.
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
8(7152)463288
|
150011, г. Петропавл қаласы,Конституция көшесі, 58
|
www.
akimat-sko.kz
|
14.
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
8(7252)563247
|
160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А
|
www. ontustik.gov.kz
|
15.
|
Астана қаласы
|
8(7172)556851
|
010000, Астана қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 11
|
www.astana.kz
|
16.
|
Алматы қаласы
|
8(727)2716509
|
050001, Алматықаласы,
Республика алаңы, 4
|
www.almaty.kz
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы « » _______
№ бұйрығына
2-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)әзірледі.
3.Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметкөрсетутәртібі
4. Мемлекеттікқызметкөрсетумерзімдері:
1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі - көрсетілетінқызметтіалушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттенбастап– 10 жұмыскүні;
2) көрсетілетінқызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасынасәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атынажатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
- Министрліктің интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымша
нысан
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама
__________________________________________________________________
(техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекенжайы)
Азамат (-ша) ____________________________________________
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ ___жатақханаға орналасуға жіберемін.
Жатақхананың мекенжайы ___________________________________
20___ ж. «____» _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.
Директор __________
(қолы)
20___ ж. «____» _________
М.О.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2-қосымша
Нысан
____________________ директоры
______________________________
(оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)
_____________ мамандығы бойынша
______________________ тобының
студенті _____________________ Т.А.Ә. (бар болса)
Өтініш
Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
Келу орны_____________________________________________________
20 ж. « » _______
/қолы/
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына3-қосымша
Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі
№
|
Өңірдің атауы
|
Телефон
|
Мекен-жайы
|
Сайт
|
1.
|
Ақмола облысы
|
8(7162)401402
|
020000, Көкшетау қаласы,
Абай көшесі, 89А
|
www.akmo.kz
|
2.
|
Ақтөбе облысы
|
8(7132)560474
|
030010, Ақтөбе қаласы,
Әбылқайыр хан көшесі, 40
|
www.akto.kz
|
3.
|
Атырау облысы
|
8(7122)354965
|
060010, Атырау қаласы,
Әйтекеби көшесі, 77
|
www.atyrauobl.kz
|
4.
|
Алматы облысы
|
8(7282)272731
|
040000, Талдықорған қаласы,
Қабанбай батыр көшесі, 26
|
www. almaty-reg.kz
|
5.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
8(7232)570151
|
070019, Өскемен қаласы,
К.Либкнехт көшесі, 19
|
www. akimvko.gov.kz
|
6.
|
Жамбыл облысы
|
8(7262)431552
|
080008, Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125
|
www. zhambyl.kz
|
7.
|
Батыс Қазақстан облысы
|
8(7112)260468
|
090000, Орал қаласы,
Почиталин көшесі, 72
|
www.western.kz
|
8.
|
Қарағанды облысы
|
8(7212)425443
|
100012, Қарағанды қаласы,
Әлихан көшесі, 19
|
www.karaganda-region.kz
|
9.
|
Қызылорда облысы
|
8(7242)272934
|
120003, Қызылордақаласы, Абай көшесі, 48
|
www.kyzylorda.kz
|
10.
|
Қостанай облысы
|
8(7142)575310
|
110000, Қостанай қаласы,
Әл-Фараби көшесі, 56
|
www.kostanay.kz
|
11.
|
Маңғыстау облысы
|
8(7292)435100
|
130000, Ақтау қаласы, 13шағын ауд.47-ғимарат
|
www.mangystau.kz
|
12.
|
Павлодар облысы
|
8(7182)320965
|
140009, Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32
|
www.pavlodar.kz
|
13.
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
8(7152)463288
|
150011, г. Петропавл қаласы,Конституция көшесі, 58
|
www.
akimat-sko.kz
|
14.
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
8(7252)563247
|
160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А
|
www. ontustik.gov.kz
|
15.
|
Астана қаласы
|
8(7172)556851
|
010000, Астана қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 11
|
www.astana.kz
|
16.
|
Алматы қаласы
|
8(727)2716509
|
050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы, 4
|
www.almaty.kz
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы « » _______ № бұйрығына
3-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
|